Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Рамазан айына

Рамазан күні
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Qazіr

04 March 2024

23 Shaǵban 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Медресе мен қайырымдылық мекемесі ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 22.10.2023 907 0 пікір
Қызылорда: Медресе мен қайырымдылық мекемесі ашылды

Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде «Айқожа ишан» медресесі және Төменарық ауылында «Әбу Бәкір» қайырымдылық мекемесі ашылды. 

Алдымен медресенің ашылу рәсіміне қатысқан Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы кент тұрғындарын құттықтап, игі тілегін жеткізді. Бас имам «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойынан «Айқожа ишан» мешіті мен медресесін салған демеуші азаматқа алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оқу ордасының ашылу салтанатына қатысқан құрметті азаматтар да құттықтау сөзін арнап, ғимаратпен танысты. Аудан орталығында бой көтерген «Айқожа ишан» медресесінде бір мезетте 60 шәкірт білім мен тәрбие алады. Сондай-ақ ауданға қарасты Төменарық ауылында бой көтерген «Әбу Бәкір» қайырымдылық мекемесінің ашылу рәсіміне де облыс бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, тұрғындарды жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. Мекеменің салтанатты түрде лентасы қиылған соң, қонақтар ғимарат ішін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. «Әл Хақ» мешітінің жанынан бой көтерген 2 қабатты орталық 50 адамға шақталған және де жатын орны мен тамағы тегін. Одан бөлек, 4 дәріс сыныбы, 3 қызметкер бөлмесі, намазхана, жатақхана, дәретхана, асхана, тұрмыстық бөлмелермен қамтылған. 

Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ жанынан қайырымдылық мекемелерінің ашылу мақсаты – ең бірінші тұрмысы төмен және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көпбалалы отбасыдан шыққан жеткіншіктерге көмектесу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу, теріс пиғылды адамдардың арбауына түсудің алдын алу. Айта кетейік, 2020 жылы Шиелі ауданында 30 адамға арналған қайырымдылық мекемесі ашылған болатын.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру