Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Рамазан айына

Рамазан күні
Сағат
Минут
Секунд

қалды

Qazіr

26 February 2024

16 Shaǵban 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АЛМАТЫДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «DASTUR FEST» КӨРМЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 21.10.2023 1323 0 пікір
АЛМАТЫДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «DASTUR FEST» КӨРМЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында тұңғыш рет «DASTUR FEST» көрмесі өтті.

Дін мен дәстүр дәріптелген көрменің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, қоғам қайраткерлері Смағұл Елубай, Марат Тоқашбаев, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен басқа да зиялы қауым өкілдері, мешіт ақсақалдары мен жамағаты, қала имамдар қатысты. Ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Дәстүр Фест» көрмесінің басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізген наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы көпшілікті құттықтап, арнайы сөз сөйледі. ҚР мәдениет қайраткері Ислам Жеменей мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменова да барша жамағатты мерекемен құттықтап, дін мен дәстүр сабақтастығын жаңғыртып жүрген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасына ризашылықтарын білдірді.

Алматы Орталық мешітінің ауласында өткен көрменің салтанатты ашылуында батырлар тобы бүркіт, найза-шоқпарымен өнер көрсетсе, ұлттық шапан мен кимешек шеруі салт-дәстүріміздің озық үлгілерін паш етті. Ақ жаулықты аналар шашу шашып, келіндер көпшілікке бауырсақ дәмін ұсынды. Ақ боз аттың құлағында еркін ойнаған актер Мадияр Серікбаев ат әбзелдерінің атаулары мен қазақы мағынасын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар темір ұстасының киімдері көпшілік назарына ұсынылып, қазақ дәстүріндегі табақ тарту әдісін нағыз маман жұртшылыққа таныстырды. Ақын, сазгер Жәкен Омаров дән мен дәстүр сабақтастығына арнайы жазылған арнауын елге күмбірлеген домбыра үнімен жеткізді.  Көрменің келесі кезеңінде тәй-тәй басқан бүлдіршіндердің тұсауы кесіліп, келген көпшілік қауым әжелердің жүн түту, сабау, жіп иіру тағы басқа салт-дәстүрлерді орындауын тамашалады. 

Сондай-ақ көрмеге ұлттық киімдер ерлер шапаны, кимешек, орамал, бас киімдері және заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді дәріптеп жүрген атақты дизайнерлердің топтамалары ел назарына ұсынылды. Сәні мен сапасы жоғары қазақы киімдерді киіп көріп, сол жерде сатып алуға мүмкіндік алды. Көрмеде ағаштан ойып жасалып, нағыз шебердің қолынан шыққан түрлі домбыралар, темір ұстасы жасаған бұйымдарды тамашалап, ұлттық тағам түрлерінен дәм татуға болады. «MUFTYAT» баспасынан шыққан кітаптар да көрмеге көрік қосты.

«Оқырманмен ой бөліс» жобасы аясында ғалым, PhD доктор Азамат Жамашев, PhD докторанты Сырым Шакизада және ұстаз Ерлан Ақтаевтың оқырмандармен кездесуі  өтті. Мереке ақшам намазына дейін жалғасты.

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру