Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

12 July 2024

6 Muharram 1446 Хижра

  DINI MEREKELER

ӨСКЕМЕНДЕ ХАЛИФА АЛТАЙ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.08.2023 1480 0 пікір
ӨСКЕМЕНДЕ ХАЛИФА АЛТАЙ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

«Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Халифа Алтай ұлағатты ұстаз және жастар руханияты» тақырыбында жастар форумы өтті.

Форум жұмысына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, ШҚО дін істері басқарма басшысы Диас Кабидолдин және дінтанушы ғалымдар, имамдар, жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы форумды ашып, бұл шараның мән-мағынасын баяндап, Мемлекет басшысы атап өткен дәстүрлі Исламды дамыту, ұлт ғұламаларының еңбектерін насихаттауда айырықша маңызға ие екендігін жеткізді.

Форумда наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының көпшілікке сәлемін жеткізді. Ол баяндамасында Халифа Алтай мұрасын жастар руханиятымен сабақтастықта насихаттаудың маңызына кең көлемде тоқталды.

«Халифа Алтайдың өмірі мен шығармашылығы – отандық мәдениет пен ғылым тарихындағы тұтас бір дәуiрдi қамтиды. Дін қайраткері ретінде үлкен ағартушылық, имандылық тәрбие жұмыстарымен айналысып, исламның асыл мұраларын халыққа жеткізу, өзі ана тіліне аударған қасиетті Құран Кәрімнің мағынасы мен түсінігін тәуелсіз еліне таратып насихаттау, ислам дініне байланысты басқа iргелi еңбектердi қазақ тіліне тәржімалап, калың көпшілік санасына ұялату дінтанушы-ғалым Халифа Алтайдың өмiр жолындағы ең негізгі ғибратты кезеңдер болды. Жастардың Халифа Алтай атамыздай білімді, отаншыл, иманды, әділ, еңбекқор болып өсуі тәуелсіз еліміздің нығаюы үшін аса қажет» деді Ершат Ағыбайұлы.

Наиб мүфти сонымен қатар ҚМДБ тарапынан дәстүрлі Исламды дамыту бағытында Халифа Алтайдың өнегелі өмірін, ғибратты еңбектерін насихаттау бағытындағы іс-шаралар туралы айтып өтті.

ШҚО Дін істері басқарма басшысы Д.Кабидолдин жиынның дәстүрлі Исламды насихаттау, жастар руханиятын дамытудағы маңызына ерекше тоқталды.

Өскемен қаласы жастар орталығының жектекшісі А.Әділбеков, қоғам қайраткері С.Аухадиев, дінтанушы ғалым Кеңшілік Тышхан, жас ғалым Берік Кәдірұлы, имам, тарихшы А.Жарасов қатарлы тұлғалар сөз сөйлеп, сындарлы баяндамалар жасап, жастар тәрбиесі және дәстүрлі ислам, ізгілікті насихаттау бағытындағы ойларын ортаға салды. Жастарды имандылыққа баулу, ұлт қайраткерлерінен үлгі алуға үндеу, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңірудің маңыздылығын саралады.

Жиында көптеген ғибратты ойлар айтылды. Форум өзінің мақсатын айқындап, жоғары деңгейде өтті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру