Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Шамалған жамағаты шаттыққа бөленген күн

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 14.08.2023 1179 0 пікір
Шамалған жамағаты шаттыққа бөленген күн

Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында «Әуелбай ата» мешітінің ашылу рәсімі өтті.

Шамалған жамағаты шаттыққа бөленген салтанатты жиынға облыс бас имамы Мадияр Пірімқұлов арнайы қатысып, жаңа мешітке тағайындалған имам Бақыт Көшкінбайұлын халыққа таныстырды. Сондай-ақ елімізге белгілі ұстаздар жамағатқа ізгі тілегін жолдады. Ұстаз Әбдіжаппар Сманов жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, батасын берді.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жаңа мешітте жұма уағызын айтып, жамағатпен алғашқы жұма намазын оқыды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру