
Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Ұшыр және төрт түлік малдың зекеті» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен танымдық шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Астана қаласы филиалының директоры Әли Әзімбекұлы, Алматы облысы бойынша өкілі Ринат Маратұлы, жергілікті кәсіпкерлер мен аудандардағы осы бағытқа жауапты мамандар қатысты.
Семинар аясында Мақсатбек Мақсотұлы жиналған қауымға қордың жобаларын таныстырып, жүзеге асып жатқан қайырымдылық жұмыстары жайлы айтып өтті.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру