Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Бөлім меңгерушісі Сыр жамағатымен жүздесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 17.05.2023 1598 0 пікір
Бөлім меңгерушісі Сыр жамағатымен жүздесті

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында жергілікті жамағатпен кездесті.

Нақтырақ айтар болсақ, Батыржан Берденұлы Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде құптан намазының алдында «Жүрек дерттері» тақырыбында насихат айтып, жиылған жамағатпен сұхбаттасса, жұма күні қалалық орталық «Нұр» мешітінде «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Айта кетейік, өткен аптада Сыр өңірінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Діни басқарма бөлім басшылары мен профессор-ғалымдардың қатысуымен республикалық деңгейдегі айтулы шаралар өткен болатын.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру