Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жетісу: Ас беру және зиярат мәдениеті талқыланды

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 04.05.2023 1671 0 пікір
Жетісу: Ас беру және зиярат мәдениеті талқыланды

ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастырумен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстық Тіл сарайында «Ас беру мәдениеті» тақырыбында жиын өтті.

Шараға облыстың имамдары, аудан-қаланың ақсақалдар кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері қатысты. Мақсаты – қазіргі таңда құдай астағы ысырапшылдықтың алдын алу.

Жиында мүфтият бекіткен «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» сынды бірқатар құжаттардың талқыламасы болды. Әртүрлі шаруаларға кететін шығын жетім-жесірлерге көмектесу, баспана алып беру сынды игілікті, сауапты істерге жұмсалса деген мақсат қойып отырмыз. Шариғат талаптарында марқұмға үлкен ас беру, зәулім ескерткіш, зират тұрғызу міндетті емес деп көрсетілген. Қазіргі таңда ас беру мәдениетін қалыптастыра отырып, ұлттық дәстүрді бұрынғы қалпында, негзгі болмысымен сақтау маңызға ие және халықтан қолдау табатын мәселе деп ойлаймыз, – деді ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы.

Бұрын да құдайы ас берілген, ол ата дәстүрінің діни рәсімдерімен өткізілген. Бірақ қазіргідей дастархан жарысына айналдырмаған. Енді «Мақтағанға паңданба, үйреткенге шамданба» демекші, сынған әйнекті құрағандай күш жұмсап үлкен жұмыс атқармасақ, бүгінде дәстүрге айналған дастархан жарысын тоқтату оңай шаруа емес. Оны қойып ас қадірін кетіргеннен бұрын, бас қадірін кетірдік. Соңғы кезде біреу қайтыс болды десе марқұмның мекен жайын емес, қонақ асын қай жерде өткізетінін сұрайды. Дастархан жаймаса көңіл айтып қайғысына ортақтаспауға жеткенбіз. Бірақ індет көп нәрсеге басқаша қарауға үйретті. Біз зират басынан қатым шығарып, дастарханға келмеуді үйрендік. Басқа да өзгерістер енгізуіне болатынана көзіміз жетті. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кіргізген өзгерістері ұлтымызды жаңа дәстүрлерге көшірудің кепілі екені сөзсіз, - дейді қоғам белсенділері.

Жиын соңында бас қосқан көпшілік Жетісу жұртшылығына арнап үндеу жолдады: 
  1. «Зират және зират мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжаттарында белгіленген талап өтініштерді орындай отырып, руханият шеңберінен шықпай халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеуге;
  2. Ас беру және зиратты зиярат ету рәсімдерінде халқымыздың салтында бекітілген шариғат талаптарын сақтауға;
  3. Ас беруде және марқұмның зиратын тұрғызуда ысырапшылдыққа жол бермеуге;
  4. Құдайы ас берілгенде бекітілген 7 түрлі асты мүмкіндігінше қамтуға;
  5. Сапалы әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында білім мен ғылым жолындағы шәкірттерге, құран курстарына, ағайын-туыстың қиналған уақытында жәрдемдесуге және халыққа пайдалы ғимараттар салуға шақырамыз!

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру