Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Астана имамдары жұмыс жоспарын талқылады

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 27.04.2023 1343 0 пікір
Астана имамдары жұмыс жоспарын талқылады

Елордадағы Республикалық бас мешітте Рамазан айында атқарылған іс-шаралар қорытындыланып, алдағы жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.

Жиынға қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен Астана қаласы мешіттерінің барлық дін қызметкерлері қатысты.

«Аллаға шүкір, Рамазан айында жоспарлаған іс-шараларымызды ойдағыдай атқардық. Баршаңызға өз атымнан алғыс білдіремін. Қасиетті айдан кейін «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы жұмыстарды жауапкершілікпен, жоғары деңгейде атқаруға мән беруіміз керек» деді ҚМДБ Астана өкілдігінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Жиында мешіт тазалығы, мешіттің басқару жүйесі, жерлеу рәсімі, көне кітаптарды жандандыру, «дін мен дәстүр» аясында спорттық шаралар өткізу, зират әдебі, имамдардың біліктілігін арттыру, ақсақалдар алқасы мен әжелер мектебін құру сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.  

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру