Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы облысы: Бас имам – Балқаш ауданында

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 03.04.2023 1705 0 пікір
Алматы облысы: Бас имам – Балқаш ауданында

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Балқаш аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.

«Ер есімі – ел есінде» атты кездесу барысында облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы спорт кешенінің басшылығы мен қызметкерлерімен сұхбат құрып, өскелең ұрпақты спортқа баулу арқылы ізгілікке тәрбиелеп отырған еңбектерінің маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында Мадияр Тағайбайұлы жиналған көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қызметтеріне табыс, отбасыларына саулық тіледі.

Сондай-ақ Балқаш аудандық мәдениет үйінде «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты семинар ұйымдастырылды. Алқалы жиынға облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Азат Үкітайұлы, облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-түсіндіру жұмысы орталығының бөлім басшысы Қанат Сессияұлы, өңір бойынша Ислам және қоғам бағытына жауапты Ақылбек Ербатырұлы, аудан ақсақалдары және дін қызметкерлері қатысты.

Басқосуда баяндама жасаған облыс бас имамы: «Халқымыз «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан» дей келе, даналықтың көзіне айналған қадірлі қарияларымыздың тәрбиесін ұмытпауға шақырды. Мінберде сөз сөйлеген өзге де баяндамашылар ақсақалдарымызды құрметтеп, олардың үмітін ақтауға үндеді.

Сонымен қатар Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде кітапхана ашылды. Ауданның бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлының бастамасымен құлшылық үйінде кітап сөрелері орнатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан мақұлданған және «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптар жамағаттың игілігі үшін қойылды.

«Бұл кітаптардың барлығы қоғам сұранысына жауап беріп, халықтың руханиятын байытатын еңбектер. 1000-ға жуық кітап қоры бар кітапханамыз жамағат үшін ғана емес, қалың оқырман үшін де ашық» дейді аудан бас имамы.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру