Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 July 2024

21 Muharram 1446 Хижра

  DINI MEREKELER

«30 КҮНДЕ 30 БАСПАНА»: МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ҮЙ БЕРІЛДІ

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 01.04.2023 1708 0 пікір
«30 КҮНДЕ 30 БАСПАНА»: МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ҮЙ БЕРІЛДІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған акция барысында Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишим ауылында тұратын Амангелді Шупановтың отбасы баспаналы болды. Жаңа үйдің кілтін «Зекет және қайырымдылық» қорының СҚО-дағы өкілі Қасымхан Абдуллаұлы мүмкіндігі шектеулі және үш баласы бар отбасыға демеушілердің көмегімен салтанатты түрде тапсырды. 

Айта кетейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі –  пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру