Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Тараз: Бата беруден облыстық сайыс өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 30.03.2023 3040 0 пікір
Тараз: Бата беруден облыстық сайыс өтті

Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Осынау дәстүрді жаңғырту мақсатында Тараз шаһарындағы көненің көзі болған «Әбдіқадір» мешітінде «Бата – сөздің анасы» облыстық бата беру сайысы өтті.

Жарысқа Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ аудандары бойынша 14 ақсақал қатысып, бата берудің үлгісін көрсетті.

Қазақы ою шапанын киген қариялардың ішінен үздігін анықтау үшін құрылған әділ қазы алқасына  Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл және Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Амирбеков мүшелік етті.

Әділ қазылардың шешімі бойынша 1-орынды Жамбыл ауданынан келген 1949 жылғы қария Орынбай Рысбаев иеленді. Ал 2-орын Тараз қаласы «Фердаус» мешітінің қариясы Аман Қасымбековке, 3-орын Жамбыл ауданының тумасы Қожамқұл  Алдабергеновке бұйырды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар барлық сайысқа қатысқан Ілияс Нұрымбетов, Азамат Айымбетов, Әбірбек Бекботаев, Бакубек Скендиров, Жұмажан Айманов, Хакимжан Миритаев, Жанат Молдабаев, Ануар Миратаев, Ақберген Қалматбеков, Кенжебай Қадыров, Ыстыбаев Асанбек сынды қарияларға марапат қағаздары мен сый-сыяпаттар табысталды.  

Бірінен-бірі асып түсіп, алақан жая бата берген ақсақалдардың ішінен үздігін анықтау оңайға соқпады. Көп ішінен оқ бойы озып шыққан қария Орынбай Рысбаев Елордада өтетін республикалық «Ақ бата» сайысына қатысуға жолдама алды. Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы қарияларға алғысын жаудырып, ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар, Астанаға аттанатын Орынбай ақсақалға жылы лебізін білдіріп, еліміздің амандығы үшін бата сұрады. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру