Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Тамақтану орындарына «QMDB Halal» сертификаты табысталды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 30.03.2023 1667 0 пікір
Алматы: Тамақтану орындарына «QMDB Halal» сертификаты табысталды

Күні кеше Алматы Орталық мешітінде қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы бірқатар тамақтану орындары мен балабақша мекемесіне халал даму сертификаттарын табыстады.

Күллі мұсылман асыға күткен рамазан айында жұртшылықтың адал ас іздейтіні мәлім. Осыған орай Орталық мешітте тарауих намазының алдында шаһардағы «Келинка» және «Заказ плова» атауымен дәмді ас пен жеткізу қызметін ұсынып отырған тамақтану орындарына жаңадан «QMDB Halal» Сертификатын табыстады. «Тұтынушы талабына адал қызмет ету мен кәсіптеріңізге береке тілеймін», - деді бас имам.

Сонымен қатар қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы Алматы қаласында тұңғыш рет Бостандық ауданына қарасты балабақша асханасына «QMDB Halal» Сертификатын табыстады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу орталығында тұтынатын ас мәзірі ата-аналарды көп толғандарған мәселе болған. Осыған орай мекеме басшылығы бүлдіршіндерге ұсынатын ас мәзірін толықтай халал стандарттары негізіне көшіріп, бүгінде «Ән-Ниса» балабақшасының асханасы халал ас мәзірін растайтын құжат алды. 

 

 

 

  

 

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру