Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Рамазан айына орай салтанатты кеш өтті

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 24.03.2023 1568 0 пікір
Рамазан айына орай салтанатты кеш өтті

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте 100-ден астам шәкіртке «Айлардың сұлтаны – Рамазан» тақырыбында салтанатты кеш өтті.

Семинардың шымылдығын ашқан Бас мешіт имамы Қанат Қоянбекұлы Рамазан айына дайындық, оның ішінде ниетті жаңалау, қандай да бір теріс әрекеттерінен тыйылу, Рамазан айына жеке жоспар құру және Рамазан айында жасауды жоспарлаған амалдарының жүзеге асуы үшін Алла Тағаладан тауфиқ сұрау мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Артынан кеш бағдарламасы бойынша түрлі рухани нөмірлер жалғасын тапты. Кешке ата-анасымен еріп келген бүлдіршіндерге де арнайы ойындар ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру