Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Атырау: «Аналарға мың алғыс»

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 06.03.2023 1343 0 пікір
Атырау: «Аналарға мың алғыс»

Осындай тақырыпта Атырауда рухани мерекелік іс-шара өтіп, «бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» аналарға құрмет көрсетілді.

Өңір бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аналарды гүл көктемнің келуімен құттықтады. ҚМДБ Атырау облыстық өкілдігінің қолдауымен «Иман» мешітінде өткен ауқымды іс-шараға «Әжелер мектебі», «Әйел-қыздар» секторы бойынша барлығы 70-ке жуық аналар, әжелер қатысты.

«Ана – ардақты есім. Дүниеде Ұлы Жаратушыны қоспағанда ананың мейірімнен асатын мейірім жоқ деуге болады. Сондықтан, ананың орны әрқашан бір бөлек.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Сіздер бүгінгі жас ұрпақтың, қоғамның тәрбиесінде үлкен роль атқарып жүрсіздер. Сіздерге үлкен құрметімізді білдіреміз» деп атап өтті бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Шара аясында аналарға гүл шоқтары таратылып, тағылымды рухани сұхбат құрылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру