Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

РАНТ мүшесі – Абай облысында

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 06.03.2023 1576 0 пікір
РАНТ мүшесі – Абай облысында

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы арнайы іссапармен Абай облысында болды.

Жоспарға сәйкес ұстаз Нұрәлі Бақытұлы Семей қалалық «Төлеубек қажы» мешіті, «Тас» мешіті және «Әнет баба» атындағы Қос мұнаралы мешітінде құптан намазының уағызын жүргізсе, облыстық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітте жұма уағызын өткізді. Жиналған жамағатқа насихат барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір баянынан, хадистерінен мысалдар келтіріп, дін мен дәстүр, Абу Ханифа мазхабы және матруди ақидасы сынды тақырыптарды уағызына арқау етті.

Сонымен қатар, РАНТ мүшесі қала іргесіндегі 19-шы және 20-шы түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен де кездесіп арнайы дәріс оқыды. Кездесу барысында Алла Тағаланың кешірімі, мейірімділік, жат ағымнан сақтану жайлы уағыз-насихатын жеткізді. Жиын соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қойылған сұрақтар төңірегінде шариғат шеңберінде толық мағлұмат берілді. Жалпы үш күндік кездесуде 2400 адам қамтылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру