Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

08 May 2024

29 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қызылорда: Бас имам медресе шәкірттерімен кездесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 04.03.2023 1802 0 пікір
Қызылорда: Бас имам медресе шәкірттерімен кездесті

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Арал және Қазалы аудандарындағы Қарилар даярлау орталықтарының жас шәкірттерімен жүздесті.

Аудандарға сапары аясында Сыр өңірінің бас имамы оқу ордаларының тыныс-тіршілігімен танысып, тәлімгерлермен сұқбаттасты. Кездесуде жас шәкірттерге ата-ана мен ұстаздарды құрметтеу, Отанды сүю, уақытты тиімді пайдалану, жастық энергияны дұрыс бағытта жұмсау, түрлі ғылым-білімді меңгеру мен үздіксіз дамудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілген Аралдағы 70 адамдық орталықта дәрісхана және жатақханамен қамтылса, ал Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» Қарилар даярлау орталығында бір мезетте 100 шәкірт тәлім ала алады. Ғимаратта дәрісхана, кітапхана, жатақхана, асхана бар.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру