Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ОРАЛДА «MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 04.03.2023 1660 0 пікір
ОРАЛДА «MUNARA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен Орал орталық мешітінде «MUNARA TV» телеарнасының филиалы мен діни кітаптар  көрмесі ашылды.

«Өздеріңізге белгілі, Бас мүфти бастамасымен Діни басқарманың төл телеарнасы «MUNARA TV» бүгінде халыққа рухани телеөнімдерді ұсынып, ғибратты бағдарламаларды көрсетуде. Төл телеарнамыздың жұмыс ауқымын ұлғайту мақсатында Орал қаласынан филиалын ашып отырмыз.

Алдағы уақытта асыл дініміз бен ғибратқа толы  тележобалар халқымыздың рухани өміріне оң ықпал етеді деген сенімдемін» деп атап өтті БҚО бас имамы Самат Қанатқалиұлы.

Бас имам  студия жұмысымен танысып, Орал орталық мешітінің баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлына имандылық жолындағы жұмыстарына  сәттілік тіледі.

Одан кейін «Muftiyat» баспасынан шығатын кітаптарға арналған көрме бұрышы ашылып,  бас имам бұл игі іс Ақжайық жұртының руханиятына қосылған үлес деп атап өтті.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру