
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Астана қаласы өкілдігі және «Көктал» мешітінің ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағытында «Қолөнер – сырлы өнер» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатына тігін саласы бойынша жеке кәсіпкер, «Шынар» қолөнер мектебінің негізін қалаушы Шынар Калелова мен тігін маманы Дакис Бегжан шақырылды. Олар әйел жамағатына оюлы жастықтың қалай тігілетінін, сондай-ақ, орамалды ұлттық оюлармен әсемдеу үлгілерін көрсетті.
Жиынға ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы қатысып, жылы лебізін білдірді. Жиналған жамағат кәсіби мамандардың көрсетуімен ұлттық нақыштағы киімдер тігуді үйреніп, қызығушылықтарын білдірді.
Сондай-ақ әйел жамағаты көкейдегі сұрақтарын қойып, тың ақпараттарға қанық болды. Жиын соңында шақырылған қонақтарға сый-сияпат табысталып, дастарқан жайылды.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру