Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

18 April 2024

9 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Имамдарға «Уақып» қорының жұмысы таныстырылды

ҚМДБ «Уақып» қоры waqf.kz 03.03.2023 1584 0 пікір
Алматы: Имамдарға «Уақып» қорының жұмысы таныстырылды

Алматы қаласы Жетісу аудандық «Әл-Мадина» мешітінде аудан имамдарының қатысуымен «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмысын таныстыруға арналған семинар өтті.

Семинарды ҚМДБ «Уақып» қорының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Талғат Дайрабайұлы мен уақыптанушы, PhD докторант, «Уақып» қорының Алматы облысы бойынша өкілі Куат Қабдолда жүргізді.

Іс-шарада «Уақып» қорының қазіргі кезде атқарып жатқан жұмыстары кеңінен айтылды. Уақып – сарқылмайтын сауап, яғни адам қайтыс болса да артынан тоқтамай сауап барып тұратын амал екені айтылып, уақыпқа дүние қалдырудың көптеген жолдары бар екеніне тоқталды. Айта кетсек, үймен қамту, көпір салу, діни орталық салу, мешіт салу т.б. түрлері аталды.

Сонымен қатар «Уақып» қорының өкілі Қуат Қабдолда дін қызметкерлеріне басқа мұсылман елдеріндегі тәжірибені бөлісті. Одан өзге мешіт ауласындағы бос орындарға жергілікті әкімшілік және кәсіпкерлермен бірігіп, кәсіпорындар мен сауда нүктелерін ашу секілді әртүрлі жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру