Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА САПАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ САБАҒЫ ӨТТІ

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 20.02.2023 1785 0 пікір
ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА САПАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ САБАҒЫ ӨТТІ

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте «Қажылық-ұмра сапарларына дайындық» тақырыбында арнайы сабақ өтті.

Сабақты бас мешіттің наиб имамдары Жандос Тәжімұратұлы мен Серік қари Полатханұлы жүргізді. Алдымен Серік қари аталған қасиетті сапар туралы аяттар мен хадистерге сүйеніп, олардың мұсылман өміріндегі мәртебесі, орны туралы айтты. Ал Жандос имам қажылыққа, ұмраға ниеттенген жанның не істеу, қалай дайындалу керектігін, өзімен бірге не алып жүруге болатыны-болмайтыны, ол жақта нені ескеру керектігі туралы және тағы да басқа көптеген кеңестер берді.

Айта кетейік, аталған сабақты Бас мешітте тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарланып отыр. Келесі сабақтың өтетін күні мен уақыты алдын ала хабарланады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру