
ҚМДБ Жастар ісі секторының Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастырумен өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының тапсырмасына сәйкес Көктал ауылдық мешітінде «Жұма күннің берекеті» атты игі шара өтті.
Ауыл мешітіне облыстық мешіттің имамы Ережеп Жардыбайұлы арнайы барып, жұма уағызын айтты. Намаз соңында өңірдің қажылық бағытына жауапты маманы Болат Сағынғалиұлы мүфтиятқа қарасты «Tawaf Travel» компаниясының 2 бірдей ұмра қажылығына жолдама сертификатын жамағат атынан осы мешіттің қамқоршы жамағатына және Көктал ауылдық мешітінің бас имамы Аманжол Шаймұратовқа табыс етті.
Қасиетті күнде көзге жас келіп, шын пейілмен қуанған жандар көп болды. Ақсақалдар бата беріп, жақсы насихат та айтылды.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру