Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» семинары өтті

muslim.kz 01.12.2022 2391 0 пікір
«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» семинары өтті

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінде «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық мұрат» тақырыбында имамдардың білімін жетілдіру семинары өтті.

Ұлт ұстазының өнегелі өмірі мен мұрасы ұлықталған семинарға елорда мешіттерінің бас имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Қасиетті Құран аяттарымен ашылған семинар жұмысына Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов сәттілік тілеп, Алаштың аяулы ұлының рухына дұға бағыштады.

Семинар басында қатысушылардың Ахмет Байтұрсынұлы жайындағы білімдері бір сынға түсіп, қысқаша викторинамен басталды. Дұрыс жауабын тапқандарға арнайы сыйлықтар берілді.

Семинар барысында «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясының көркемдік кеңесшісі, редакторы алаштанушы Ұшқын Сәйдірахманұлы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің жетекшісі Алтын Момынқұлова, «Алаш» экспедиция тобы басшысы Нұрлыбек Амандықұлы арнайы баяндама жасап, елорда имамдарына тың мағлұматтар ұсынды.

 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру