Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

29 March 2024

19 Ramazan 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

АТЫРАУДА «ИХСАН» МЕШІТІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 23.09.2022 3208 0 пікір
АТЫРАУДА «ИХСАН» МЕШІТІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Атырау қаласында заманауи үлгіде салынған 850 орындық мешіттің ашылу салтанатына зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар және жергілікті тұрғындар қатысты.

Геолог ықшам ауданы тұрғындарын мешіттің ашылу салтанатымен Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құттықтады.

«Қазақта «Азаны бар ауыл азбайды» деген керемет сөз бар. Мешіт – тәрбиенің, руханияттың ордасы. Мешітке «Ихсан» атауының берілуі де тегін емес. Ихсан – кемелдену, рухани қуаттылық, тақуалық деген мағынаны береді. Демек, мешітке келген адам өзінің білімді, рухани кемелденген мұсылман болуы үшін еңбектенуі керек» деп атап өткен бас имам құлшылық үйінің салынуына атсалысқан кәсіпкерлерге, демеушілерге ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ, Алтынбек Ұтысханұлы Геолог ауылы тұрғындарына «Ихсан» мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлын таныстырды.

Ардақ Жұмабекұлы Түркия еліндегі Стамбұл қаласында «Хасеки» Ислами білімдер оқыту орталығында исламтанушы мамандығы бойынша білім алған. Елордадағы  Еуразия ұлттық университеті дінтану мамандығының магистранты. Әр кезеңде Астана, Орал, Атырау қалаларында жауапты қызметтерді атқарған Ардақ Жұмбекұлы жуырда ғана Түркия елінде білімін жетілдіріп келген болатын.

Еске сала кетелік, Атырау облысы бойынша 41-ші болып ашылып отырған мешітте бас имам бөлмесі, имамдар бөлмесі, Құран оқитын бөлме бар. Намаз залдары ерлер және әйелдерге арналған бөлмелерден тұрады. Заманауи үлгіде тұрғызылған мешіт сәулетінен қазақы нақышпен үйлескен композицияны байқауға болады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру