Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

ШҚО: Зайсанда жаңа мешіт ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 01.08.2022 4864 0 пікір
ШҚО: Зайсанда жаңа мешіт ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шалқар ауылында жаңа мешіт ашылып, ел игілігіне берілді.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына аудан басшылығы, ел ағалары, имамдар және ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсімге қатысқан қатысқан ауыл қариялары: «Зайсан өңірі үшін бұл үлкен қуаныш. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Мешіт салған азаматтарға Ұлы Алла Тағаланың разылы болсын. Бұл аса зор сауапты іс. Ауыл халқы да бұл мешіттен көптен күткен еді» дей келе, жиналған халықты құттықтап, бата берді.

Іс-шара барысында Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Құлшылық үйінде алғашқы азан айтылып, дүбірлі думанға бөленді.

Шалқар ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мешітті ашу рәсімінде ақ шашу шашылып, ғимаратын тұрғызған азаматтарға жамағат алғыс білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру