Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

«ОРАЛ» МЕДРЕСЕСІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 01.07.2022 1244 0 пікір
«ОРАЛ» МЕДРЕСЕСІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» медресе-колледжінің биылғы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға БҚО бас имамы әрі «Орал» медресе-колледжінің директоры Бақытжан Құралбайұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Рахманов пен ұстаздар, сондай-ақ облыстық, қалалық мешіт имамдары қатысты.

Медресе директоры Бақытжан Құралбайұлы білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, жақсы маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде шәкіттер білім берген ұстаздарына шексіз алғысын айтып, медресе ұстазы Бақытжан Сағидуллаұлына ұмра қажылық сапарына жолдама берсе, Бақытжан Құралбайұлы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Жұмаұлы мен медресе тәрбиешісі Мақсот Төлепбергеновке ұмра қажылығына жолдама сыйлады.

Шарада әсем әндер айтылып, ақ тілектер айтылды. Шәкірттер білім ордасына кеңсе заттарын, үстел мен бөлмеге арналған екі орындықтарын табыс етті.

Айта кетейік, биыл «Орал» медресе-колледжін 14 түлек тәмамдап отыр. Төрт шәкірт үздіктер қатарында. Ал 11 шәкірт Діни басқарма бұйрығымен имам қызметін атқарса, екі шәкірт Түркия елінде білімін жалғастырмақ. Бір шәкірт басқа салада еңбек жолын бастайды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру