
Мамыражай маусым айының ғажайып сәтінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Баяш Өтепов ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордасы тағы бір мешітпен толықты.
«Байшы» мешітінің ашылу салтанатына, Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы және өңірге белгілі ақсақалдар, қайраткерлер, аудан басшылығы қатысты.
«Бүгін ежелден жері берекелі, елі мерекелі Ұлан ауданы Баяш Өтепов ауылында көрікті жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл игі іс – халық үшін, ел-жұрт үшін үлкен мәртебе. Бұдан былай ауыл халқы өз мешітінде намаз өтеп, жұма оқып, дәріс алып, имандылық жолында тәлім алады. Бұл – осы халықтың тілеуі» деген Ермек Қасболатұлы жиналған халықты құттықтады.
Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Баяш Өтепов ауылында ашылған «Байшы» мешіті толықтай қажетті құралдармен жабдықталған, жамағаттың құлшылық жасауы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Салтанатты шара барысында ақсақалдар сөз алып, мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс білдірді.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру