Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Әйел-қыздар секторы меңгерушісі Алматы облысында болды

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.06.2022 2745 0 пікір
Әйел-қыздар секторы меңгерушісі Алматы облысында болды

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Алматы облысында өтіп жатқан дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысты.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарды нығайтуға және әйел дін қызметкерлері арасында діни эстремизмнің таралуын болдырмауға бағыттылған діни-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында қала тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесуінде әйелдердің қоғамдағы рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұруға қатысты насихат айтты. Сондай-ақ түрмедегі жазасын өтеуші әйелдермен жүздесті.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру