Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

02 May 2024

23 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбыл: Ауылдағы арықтың беті жабылды

muftyat.kz 13.06.2022 2544 0 пікір
Жамбыл: Ауылдағы арықтың беті жабылды

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне амал ету мақсатында Алладан сарқылмайтын сауап үміт ете отырып, ҚМДБ «Уақып» қорының Жамбыл облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен, Бектөбе ауылдық мешітінің ұжымы мен жамағаты бірлесіп ауылдың Қылышбай көшесіндегі арықтың бетін жапты.

Бектөбе ауылы қалаға жақын орналасқан. Қаламен екі ортада бөгет болып тұрған үлкен арық (су каналы) халықтың, көліктің жүріп-тұруына кедергі болатын. Сонымен қатар, ауыл жылдан жылға өсіп келеді. Қалаға қатынаушылардың саны да артуда. Сол себепті әрдайым игі істе қалыс қалмайтын мешіт жамағаты да арықтың бетін жауып, екі арадағы жолды қалпына келтірді. Ауыл тұрғындары өз кезегінде сауапты іс жасаған жамағатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру