Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Атырау: Индер ауданы жамағатымен жүздесті

amin.kz 07.06.2022 2737 0 пікір
Атырау: Индер ауданы жамағатымен жүздесті

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданына жұмыс сапарымен барды.

Іс-сапар аясында бас имам аудандық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіттің ішкі шаруашылық мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар жергілікті жамағатпен жүздесіп, жат ағымдардан сақтану тақырыбында уағыз-насихат айтты.

«Ислам – бейбітшілікті насихаттайтын дін. Біз ықылым заманнан мұсылмандықты ұстанған, дініне, діліне берік болған халқымыз. Үлкенді сыйлау, жетімді жылатпау, жесірге қамқор болу сынды ізгі қасиеттерді Ислам діні әр кез дәріптеген. Ал радикалды ағымдар халқымыздың дәстүріне қарсы шығады. Сондықтан бұдан сақтану керек» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай-ақ бас имам жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Бөдене ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Мешіт жанынан имам үйі, таһаратхана құрылыстары қоса жүргізілуде. Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданының бас имамы Ералы Қамзағалиевке құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды, құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру