Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2022 1846 0 пікір
БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

Баршамызға белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын.

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының ұйымдастыруымен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға қаланың балдырғандары мен оқушылары қатысты. Мешіт ауласында өткен мерекелік бағдарламада әртүрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы ойыншықтар үлестірілді. 1000 балаға балмұздақ таратылып, кішкентай бүлдіршіндерге батут ойын алаңы қойылды.

Сондай-ақ әртүрлі жануардың киімін киген аниматорлар ойын-сауық көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады. Шара барысында балдырғандар лимузин автокөлігімен қаланың көрікті жерлерін тамашалады. Оқушылар арасында викториналық сұрақ-жауап өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.


Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру