Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Талдықорған: Балаларға арнап тағылымдық кеш ұйымдастырды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті 25.05.2022 1605 0 пікір
Талдықорған: Балаларға арнап тағылымдық кеш ұйымдастырды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Талдықорған өңіріндегі өкілдігінің ұйытқы болуымен қаладағы «Айналайын» балалар үйіндегі 4-16 жас аралығындағы қамқоршысынан айырылған 100 балаға «Ақ ниет» мейрамханасынада «Пайғамбар сүйген маңдайлар» тақырыбында рухани-тәлімдік кеш ұйымдастырылды.

Кеште Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы ізгі лебізін білдіріп, бөбектерге сый-сыяпат үлестірді. Балаларға арналып дастарқан жайылып, көңілін көтеретін ойындар ойнатылды. Балалар қаламыздың көрікті жерлерін лимузин автокөлігіне отырып тамашалап, арқа-жарқа болып, жақсы көңіл-күйге бөленді.

Айта кетейік, іс-шара биылғы «Балалар жылы» мен ҚМДБ аясындағы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында өткізілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру