Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Теміртауда «Кітап – рухани қазына» көрмесі өтті

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.05.2022 2562 0 пікір
Теміртауда «Кітап – рухани қазына» көрмесі өтті

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Кітап рухани қазына» көрмесі өтті. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен құрылған «Зейін» оқырмандар клубының Теміртау қаласындағы филиалы ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы, «Зейін» оқырмандар клубының жетекшісі Махамбет Искандеров және клубтың басқа да белсенді мүшелері қатысты.

Сондай-ақ жұма намазына жиналған жамағатқа «Мүфтият» баспасынан жаңадан жарыққа шығып жатқан түрлі діни тақырыптағы рухани-танымдық кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар Алаш арысы Әлихан Бөкейхан туралы әдебиеттер де кітап сөрелерінің төрінен орын алды. Арнайы көрме ретінде ұйымдастырылған рухани іс-шарада келуші жамағат кітап нәрімен сусындап, арнайы жайылған дастарқаннан дәм татты.

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы кітап мұсылманның көкжиегін кеңейтіп, ілімін арттыратын негізгі құрал екенін айта келе, мешіт тарапынан осындай игі бастамалар қолға алынып жатқанын жеткізді. 

Айта кетсек, бұдан былай Теміртау қаласында «Зейін» орталығының филиалы өз жұмысын бастайды. Жастар арасында білімді насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бойынша игі іс-шаралар қолға алынбақ.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру