Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Арман Қуанышбаев Қызылжар жамағатымен жүздесті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 11.05.2022 2111 0 пікір
Арман Қуанышбаев Қызылжар жамағатымен жүздесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшесі, «Балаби қари» құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев арнайы іс-сапармен Қызылжар өңірінде болды.

Арман Баймаханұлының өңірге сапары Петропавл қалалық «Қызылжар» мешітінен басталды. Алдымен ол қызылжарлық жамағатқа «Жастар және имандылық тәрбие» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Сондай-ақ облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде де уағыз айтты. Бұдан бөлек сапар барысында Арман Баймаханұлы «Қызылжар» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына «Жастар және имандылық тәрбие» тақырыбында сұхбат берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру