Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Байқау Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 05.05.2022 2761 0 пікір
Ақтөбе: Байқау Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды

Ақтөбе облысы Бегімбет ауылындағы «Бегімбет» мешітінің ұйымдастыруымен ауылдың мәдениет үйінде «Балалар жылы» аясында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқу байқауы өтті.

Байқауға Б.Сүлейменов орта мектебінің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Ұлт ұстазына арналған байқауды ауыл әкімі Оралбек Әбшанұлы ашты.  Әділқазылар құрамында зейнеткер, тарихшы ұстаз Сәлима Ермекбайқызы, Б.Сүлейменов орта мектебінің ұйымдастырушы педагогы Әсел Тілеумағанбетова мен «Бегімбет» мешітінің бас имамы Нұрдәулет Әуезов болды.

Жарыс қорытындысы бойында І орынды Жандос Есенаманов, ІІ орынды Елдос Есенаманов, ІІІ орынды Нұрайым Көптілеуова иеленді. Жеңімпаздарға сертификат пен ақшалай сыйлық табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру