Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Жаңа мешіттің қазығы қағылды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.04.2022 3489 0 пікір
Қостанай: Жаңа мешіттің қазығы қағылды

Жергілікті азаматтардың ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданына қарасты Обаған ауылында жаңа мешіттің қазығы қағылды.

Осы елдімекенде ғұмыр кешіп жатқан ағайындардың өміріндегі айтулы оқиғаға Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет арнайы қатысып, тұрғындар мен жиналған қонақтарды имандылық ордасының қолға алынуымен құттықтады. Шара барысында бас имам және ауыл ақсақалдары қолына күрек алып, мешіттің алғашқы құрылысының іргетасын қаласты.

«Обағанда Ораза кезінде осындай үлкен игі істі бастап жатырмыз. Алланың жердегі үйі болатын мешіт – қастерлі орын. Оның құрылысына қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған жандардың алар сауабы мол. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде кім өмірінде бір мешіт соқса, Алла Тағала Қияметте оған жәннаттан өзі соққан мешіт секілді үй салып береді» деген. Қостанай облысында биыл жоспар бойынша 10 мешіт салынуы керек. Соның біреуіне бүгін бәріміз куә болдық. Мешіт дер кезінде пайдалануға берілсе, халықты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелейтін орын болатыны даусыз» деді Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.

Обаған ауылының әкімі Марат Нұржанов та жиында сөз сөйлеп, жерлестерінің қуанышына ортақтасқан облыстың бас имамына өз ризашылығын білдірді. Мыңға жуық тұрғыны бар елдімекендегі 150 шаршы метр аумақты алатын жаңа нысанның салынуына жеке кәсіпкер Ермек Иманбаев  пен өзге де жанашыр азаматтар үлес қоспақ. 

Шара соңында «Балықты» мешітінің ұжымы Обаған орта мектебінде  оқушылар арасында қазақша күрестен жарыс ұйымдастырды. Сайыс жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар берілді. Сондай-ақ жергілікті 10 отбасыға оразаның құрметіне азық-түлік қоржыны тапсырылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру