Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: Бас имам студенттермен кездесті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 19.04.2022 1746 0 пікір
Ақтөбе: Бас имам студенттермен кездесті

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Экономика және құқық факультетіндегі «Құқықтану» кафедрасының студенттерімен кездесу өткізді.

Басқосу барысында облыстың бас имамы бүгінгі қоғамдағы дін және руханият мәселелерін әр қырынан талқылап, дәстүрлі емес діни ағымдар мен діншілдік мәселесіне тоқталып, жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар дінге қатысты кез келген сұрақтың жауабын белгісіз дін өкілінен емес, облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті мен қалалық орталық мешітінен білу керектігін айтты.

Сондай-ақ Серікжан Еншібайұлы құқықтану мамандығының 1-2 курс студенттері қойған діни сұрақтарға тұщымды жауап берді. Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен студенттер бас имамға алғыс айтып, ізгі тілегін білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру