Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

23 April 2024

14 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы: Ақжар «Нұр» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 18.04.2022 1920 0 пікір
Алматы: Ақжар «Нұр» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Рамазан айының құрметіне орай Наурызбай ауданына қарасты Ақжар «Нұр» мешітінде «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.

Ақжар «Нұр» мешітінің бас имамы Ғалымжан Молдабаев имамның ұйымдастыруымен 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды. Игі іс-шараға Наурызбай аудандық «Әбу Бакр» мешітінің наиб имамы Айдос Шарапатбекұлы, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұлов арнайы қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, қатысушы отбасы мүшелерін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, осы айда көп жақсылық жасау керектігін айтты.

Аталмыш шараға мұрындық болған демеушілерге өз алғысын білдірді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру