Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

12 July 2025

17 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Жамбыл: «Әдемі әуезді азаншы» анықталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 18.04.2022 2207 0 пікір
Жамбыл: «Әдемі әуезді азаншы» анықталды

Таразда «Әдемі әуезді азаншы» V республикалық азаншылар жарысына Жамбыл облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған іріктеу сайысына Жамбыл облысының барлық аудандарынан 11 үміткер қатысты.

Бірінен бірі өткен, азанды жүректерге жеткізе білген үміткерлердің ішінен жүзден жүйрігін анықтау оңай болған жоқ. 

Қазылар алқасының шешімен Меркі ауданы атынан келген Батыр Тохтамуратов 3-орын иегері атанса, Талас ауданынан келген Жалғасбай Жұбатханов  2-орынды қанжығасына байлады. Ал 1-орынды «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Абдужаппар Амиров жеңіп алды.

«Әдемі әуезді азаншы» атанған жеңімпаз Алматыда өтетін республикалық азаншылар додасына жолдама алды. Ал жүлделі болған орын иегерлеріне Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзаелдиев диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру