
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Алмат Әлидің мұрындық болуымен Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, «Жаңақоныс» ауылындағы орналасқан «Бақытжан» мешітінде 50 отбасыға «Рамазан қоржыны» табысталды.
Қасиетті Рамазан айында сауаптар жүз еселенеді. Яғни, бұл айда жасалған әрбір игі амал ерекше. Осындай жақсылықтың бірі ретінде «Рамазан қоржыны» деп аталатын ауқымды қайырымдылық шарасы «Бақытжан» мешітіндегі дін жанашыры азаматтарының зекетінің демеушілігімен өтті.
Айта кетсек, шара барысында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 50 отбасыға зекет ретінде қаржылай көмек берілсе, оның сертификатын Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық мәселері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев табыстады.
Сонымен қатар арнайы тізім бойынша шақыртылып, көмек алуға жиналғандардың алдына облыстың бас имамы Рамазан айымен құттықтап, діни басқарманың жеті бағытының бірі – қайырымдылық екенін айтып, зекетін беріп, демеушілік жасаған жандарға Алла разы болсын деп игі тілегін білдіреді.
Қайырымдылық шаралары әліде жалғасын табады.
Pіkіrler (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру