Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

17 April 2024

8 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қостанай: Бес баланың анасы баспаналы болды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 15.04.2022 2921 0 пікір
Қостанай: Бес баланың анасы баспаналы болды

Берекелі Рамазан айында Қостанай облысы Майлин ауданына қарасты Елизаветинка ауылының тұрғыны, бес балалы ана Жанар Жүнісқызына «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 534-баспана берілді.

Осы баспананы табыстауға «Зекет және қайырымдылық» қорының аймақтағы өкілі Бақытжан Икрамұлы, Рудный қаласының бас имамы Бектұрсын Уәлиев және Майлин ауданының имамы Ислам Хамзин, аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов, ауыл әкімі Талғат Төлепбергенұлы және ауыл ақсақалдары қатысты.

Басқосуда аудан басшысы Қайсар Батырханұлы ардақты ананың қуанышына ортақтасып, кілем сыйлады. Ал, аудан имамы күнделікті тұрмысқа қажетті газплита мен екі төсеніш-кілемді табыс етті.

Жиында Нұрғали ақсақал ақ батасын берді. Көп балалы ана Жанар Жүнісқызы өзіне қуаныш сыйлаған азаматтар мен мешіт қызметкерлеріне алғысын жаудырды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру