Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

12 July 2025

17 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Шәкірттерге ауызашар берілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 14.04.2022 2573 0 пікір
Шымкент: Шәкірттерге ауызашар берілді

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешіті жанындағы «Нұр-Мүбәрак» қайырымдылық мекемесіндегі тәлімгерлерге ауызашар дастарханы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.

Тұрақты өткізіліп келе жатқан игі шара аясында «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің бас имамы әрі мекеме жетекшісі Ералы Есенгелдиев сөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың құттықтау сөзін жеткізді.

Осы айда жалпы саны 120 шәкіртке тұрақты ауызашар ұйымдастырылуда. Берекелі дастарқан аясында түрлі тақырыптарды арқау еткен уағыздарға кезек беріліп, қатысушы шәкірттер рухани нәр алуда.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру