Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Алматы аймағы: «Аналарға құрмет» атты семинар өтті

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 11.03.2022 1857 0 пікір
Алматы аймағы: «Аналарға құрмет» атты семинар өтті

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталық «Шынасыл» мешітінде «Аналарға құрмет» атты семинар өтті.

Халқымызда «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген ұлағат сөз бар. Яғни, ата-бабадан қалған кеңбайтақ жерімізге ертеңгі күні ие болатын саналы ұрпақты тәрбиелеу ісінде аналардың алар орны ерекше екені сөзсіз.

Семинар барысында жиналғандар көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Ұйымдастырушылар аналар қауымына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Алғыс хат тапсырып, әйелдер күніне орай дайындағын сыйлықтар тарту етілді.

Жиын соңында «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Күміскүл Кемелбекова жиынды ұйымдастырып, аналарға құрмет көрсеткен Жамбыл ауданының бас имамы Қалжан Әрібжанұлына және мешіт ұжымына алғыс айтып, ақ батасын берді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру