Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Шымкент: Аналарға құрмет көрсетілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 09.03.2022 1873 0 пікір
Шымкент: Аналарға құрмет көрсетілді

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде «Менің анам – менің жәннатым» атты рухани шара ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, сондай-ақ дін қызметкерлері және «Әжелер мектебінің» мүшелері қатысты.

Игі шара Құран оқумен басталды. Одан кейін бас имам Бақдәулет Нұрматұлы мен Бекайдар Әміре ақсақал құттықтау сөз сөйлеп, ата-ананың қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты.

«Әжелер мектебінің» мүшелеріне сый-құрмет жасалып, арнайы мерекелік дастархан жайылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру