Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

12 July 2025

17 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақжайық имамдары – Түркістан төрінде

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 08.03.2022 2836 0 пікір
Ақжайық имамдары – Түркістан төрінде

Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Ақжайық өңірінің имамдары «Дархан дала» жобасын насихаттау мақсатында киелі Түркістан төріне арнайы барды.

Рухани саяхатқа БҚО өкілдігінің мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы мен наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Ринад Акимов, Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Жомарт Лұқпанов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов қатысты.

Имамдар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесін зиярат етіп, баба рухына Құран бағыштады. Кейін кесене ішін аралап, тынысымен танысты.

Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, халыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру