Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

27 April 2024

18 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтау мешітінде ұлттық өнерден шеберлік сағаты өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 08.03.2022 2389 0 пікір
Ақтау мешітінде ұлттық өнерден шеберлік сағаты өтті

Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінде қазақтың ұлттық бұйымдарын тігуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Үйлену, қыз ұзату тойларында қолданылатын оюланған шағын көрпешелер, салт-дәстүрге сай түрлі рәсімдерге қажетті қалташалар мен басқа да жабдықтар және шұбат, қымыз құюға арналған торсықтар тігуден дәріс өткізілді. Мешіт ұстазы Ақмарал Қазиева шеберлік сағатына әйел жамағатының қызығушылығы жоғары екенін айтады. 

«Мешіттің әйел жамағаты өте белсенді, салт-дәстүрімізді ұлықтаған шараға зор ықыласпен қатысты. Алдағы уақытта ұлттық тағамдарды дайындауға арналған дәріс ұйымдастыру жоспарда бар» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева. 

Шебер ретінде кәсіби маман, Шымкент институтының өнер факультетінің түлегі А.Қорғанқызы шақырылды. Үш баланың анасы қазір үй шаруашылығында. Бос уақытында оюлап көрпе тігіп, әдемілеп шұбат құятын торсық жасайды. Айтуынша, сұраныс өте көп, тіпті, тігіп үлгермейді. Қазір еліміздің басқа өңірлерінен де тапсырыс келіп жатыр. Яғни ұлттық бұйымдарға қызығушылық жоғары болып тұр.  Үйде бала күтімінде отырса да, табыс тауып отырған ана ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қоссам дейді. Мешіттің әйел жамағаты шебердің дәрісі кезінде ұлттық жабдықтарды тігудің қыр-сырына қанықты. 

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру