Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

26 April 2024

17 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Қарағанды: «Жеті рухани қазық» семинары өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 05.03.2022 1680 0 пікір
Қарағанды: «Жеті рухани қазық» семинары өтті

Діни басқарма қабылдаған құжаттарды, әсіресе  шалғайдағы дін қызметкерлеріне  таныстырып, оны кеңінен насихаттау мақсатында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде аймаққа қарасты қала, аудан және ауыл имамдарының қатысуымен «Жеті рухани қазық» семинары өтті.

Іс-шара  шымылдығын ашқан облыс бас имамы Өмірзақ  Қазкенұлы семинардың маңызына тоқталып өтті.

Қазақстан мұсылмандарының «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасында келген имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципіне жеке жеке тоқталды. Бұлар – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық екенін баса айтты.

Бір айта кететіні, аталмыш семинарда форумда қабылданған құжаттарды кеңінен насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп жатқаны айтылды.

Семинар барысында шалғайдағы дін қызметкерлерінің жұмыс барысына бағыт-бағдар беріліп,  жүктелген міндеттемелер мен тапсырмалардың маңыздылығын алға қойып,  түрлі бағыттар бойынша бірнеше мәселелер ортаға салынды.

Сондай-ақ, айтулы шаралардың жауапты мамандарына тапсырмалар  бекітілді.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру