Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Ақтөбе: Имамдар тағайындалды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 05.03.2022 2032 0 пікір
Ақтөбе: Имамдар тағайындалды

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің имамдар қатары тағы да екі білікті маманмен толықты.

Атап айтар болсақ, Марал Ермекбайұлы – өңірдегі Ақтөбе медресе-колледжінің түлегі. Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы және Хромтау аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы Дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығында теолог маман ретінде қызмет атқарған.

Ал Ерәлі Құлмағанбетұлы – «Ықылас» қарилар дайындау орталығының түлегі. Ижазасы бар қари әрі «әл-Азһар» университетінде білім алған.

Бүгінгі таңда Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалып, жамағатқа пайдалы білім бермек.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы дін саласында 7 жылдық тәжірибесі бар Марал Ермекбайұлы мен қари Ерәлі Құлмағанбетұлының қалалық орталық мешітке наиб имам қызметіне тағайындау туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын жұма намазында жамағатқа таныстырып, имамдардың қызметтеріне сәттілік тіледі.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру