Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

13 July 2025

18 Muharram 1447 Хижра

  DINI MEREKELER

Орал: Кітапханадағы рухани кездесу

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі islam-oral.kz 15.02.2022 3106 0 пікір
Орал: Кітапханадағы рухани кездесу

Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада «Дін имандылыққа жетелейді» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Кездесуге Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысты.

«Дін – адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, өмірдегі мақсаты мен міндетін айқындап беретін Құдайға құлшылық етуге тәрбиелейтін ұлы жол. Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетейлін тура жол көрсетеді. Адамның бүкіл өмірін, амалын ізгілікке, қайырымдылыққа бағыттайды. Тарихта дінсіз, яки имансыз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі адам баласы сенімге мұқтаж» деді Бақытжан Құралбайұлы.

Кеш соңында оқырмандар бас имамға көкейінде жүрген сауалын қойып,  тұщымды жауаптар алды. «Дін бірлігі – татулық негізі» кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру