Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

25 April 2024

16 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Павлодар: Имамдарға арналған семинар

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 15.02.2022 2277 0 пікір
Павлодар: Имамдарға арналған семинар

Наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  Павлодар қаласына қарасты мешіт имамдары мен ұстаздарына арнайы семинар өткізді.

Семинарда имамдарға еліміздің дінге қатысты заңнамалары мен ресми құжаттар, соған қатысты шыққан шешімдермен толық таныс болу, ҚМДБ-ға қарасты телеарна, газет, журнал, электрондық БАҚ-тарды үзбей оқып, білімін жетілдіріп отыру, ҚМДБ бекіткен барлық пәтуаларды толық білудің қажеттілігі баса айтылды.

Сонымен қатар заманауи біліммен қарулану, әлеуметтік желілердегі әдептілік, желілерді дұрыс пайдалана білу және желілерде қасиетті дінімізді насихаттау бағытында көптеген кеңестер берілді.

Семинар соңында имамдарға ҚМДБ шығарған пәтуалар жинақтары табысталды.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру