Tań

Kún

Besіn

Ekіntі

Aqsham

Quptan

Qazіr

19 April 2024

10 Sháýýál 1445 Хижра

  DINI MEREKELER

Ақтөбе: «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы басталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 14.02.2022 2785 0 пікір
Ақтөбе: «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы басталды

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен алғаш рет діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы қолға алынып, алғашқы іссапар өткен аптада Мұғалжар ауданынан бастау алды.

«Көшпелі уағыз-насихат» құрамында облыс бас имамы Серікжан Еншібайұлы, РАНТ мүшелері Атырау қаласындағы «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов пен «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман, «Досжан Хазрет» мешітінің имамы Шынболат Үмбетов, «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов, «Әс-салам»  мешітінің имамы Нұрлыбек Такеев, Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтанов, Мәртөк ауданының бас имамы Зарлық Ералин және т.б бар.

Іс-сапардың алғашқы күнінде бас имам Серікжан Еншібайұлы, РАНТ мүшесі Өсімхан Тілеуов және өзге де имамдар Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Тұрарұлының қабылдауында болып, екі күндік жұмыс жоспары талқыланды.

Аудандық әкімдікте өткен жұмыс жоспарын талқылау жиынынан соң «Қадырәлі ата» мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Оның 3-і «Жусан» операциясымен елге оралған әйел адамдар, 7-і аз қамтылған және көпбалалы отбасылар.
РАНТ және ЖАНТ мүшелері 2 күндік іс-сапар барысында Қандығаш, Ембі қалаларында, Батпақкөл, Сағашилі, Аққемер және Жұрын ауылдық округтеріне барып, тұрғындар арасында «Жат ағымның зардабы», «Дінің қоғамдағы орны», «Жат ағымның сипаты», «Ханафи мәзһабының ерекшелігі», «Хадис ғылымындағы Ханафи мәзһабының орны», «Дін ұстансаң – қасиетің, ұстана алмасаң – қасіретің», «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы орны», «Мұсылманның ауызбіршілігі», «Деструктивті діни ағымның зардабы», «Мейірімділік – асыл қасиет», «Алланың нығметіне шүкіршілік ету», «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» т.б тақырыптар аясында
3000-нан астам адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынжүргізіп, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.

Одан өзге іссапарда жамағат арасындағы татулық пен бірлікті арттыру мақсатында ұстаз бен жамағат арасында футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылып, оған 7 топ қатысты.

Қандығаш қалалық  «Қадырәлі  ата» мешіті, аудандық «Нұртай» мешіті, Ембі қалалық «Нұр» мешіті, Жаңажол вахталық мешіті, «Ерболат Қамалұлы», «Нұралы, «Хайролла»  мешіттерінде «Өмірдің құндылығы мен қадір-қасиеті» тақырыбында жұма уағызы жүргізілді.

«Көшпелі уағыз-насихат» жобасының ендігі сапары наурыз айында Темір ауданында жалғасын табады.

Pіkіrler (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру